Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

15 Мамыр 2024, 09:27
779
Бөлісу:
Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 12 медаль жеңіп алды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандылық спортшылар джиу-джитсудан Азия чемпионатында рекордтық марапатқа ие болды. Қарағанды облысының спортшылары қоржынында 12 медаль, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Джиу-джитсудан Азия чемпионаты Абу-Дабиде өтті. Оған 30 елдің мықтылары қатысты.

Құрлықтық біріншілікте Қарағанды облысының 13 өкілі өнер көрсетіп, 12 медаль жеңіп алды. 

Биыл біз ең үздік, рекордтық нәтижені көрсеттік. Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз, командамызды қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз. Біз айтарлықтай үлес қостық және Қазақстан құрамасына Азия чемпионатының командалық есебінде бірінші орынға жетуге көмектестік! Бұл жетістік біздің өңірдегі джиу-джитсудың даму деңгейі мен ауқымын көрсетеді, – деді Қарағанды облысы джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. 

Қарағанды облысы құрамасының нәтижелері (ерлер мен әйелдер):

Неваза-жүйелер:

- Олжас Нұртақанов (77 кг) – күміс;

- Ажара Салықова (63 кг) – қола.

Файтинг жүйелері:

- Аян Амзе (70 кг) – алтын;

- Нұржан Баймағамбетов (+94 кг) – күміс;

- Мұса Рамазанов (94 кг) – қола.

Байланыс жүйелері:

- Қанағат Магмур (94 кг) – алтын;

- Айзат Мұсабек (70 кг) – күміс;

- Аяна Амзе (70 кг) – қола.

U-16 және U-18 жасөспірімдері:

*Файтинг жүйелері: Досымжан Мереке (52 кг) – алтын;

*Неваза-жүйелер:

- Асылмұрат Сағындық (+94 кг, U-21) – күміс;

- Жігер Алматай (69 кг, U-21) - қола;

- Диляра Есмағамбетова (52 кг, U-16) – қола.

Өзгелердің жаңалығы