Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы су добынан жартылай финалға өтті

Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 9 Қазан 2025 2025, 23:42
9 Қазан 2025 2025, 23:42
644
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы су добы сайыстарының ширек финалдық ойындары аяқталды.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 27:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді отандастарымыз келесі ойынын ертең, Қытай құрамасына қарсы өткізеді.

Наверх