Қазақстан құрамасының спортшысы Виктория Графеева бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сәтті нәтиже көрсетті. Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Қытай спортшысы Цян Лиден басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль әкелген Виктория Графеева. Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Финалдық кездесуде Әбікеева вьетнамдық Ха Линмен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіп алған еді.
Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Үшінші алтынды Наталья Богданова алды, ол (67 келіге дейін) бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті.