Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны

18 Сәуір 2019, 12:43
2151
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының үшінші күнінде екінші болып Қытай мен Тәжікстан көкпар командалары алаңға шықты.

Естеріңізде болса, бұған дейін, яғни 17 сәуір күні Тәжікстан мен Ресей арасындағы ойында Тәжік құрамасы ойын ережесін бұзғаны үшін, ойын тоқтатылып, төрешілер шешімімен жеңісті бірден Ресей құрамасына берген болатын. 

Бүгін де Тәжік көкпаршылары сол құраммен келді. Дегенмен Қытай командасы ешқандай қарсылық танытпағандықтан, екі құрама өзара мықтыны анықтауға кірісті.

Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны

Рас, осы чемпионаттағы ойын алаңында ең осал ойнаған екі команда осы екеуі деуге болады. Дегенмен, бүгінгі ойындары нағыз тартысқа толы болды. Қос команда да бір біріне сай, бір-біріне есе бермес, деңгейлес екенін көрсетті.  

Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны


Солай десек те, мықтыда мықты озады емес пе, тәжік жігіттері өз шеберліктерін танытып бақты. Тақымнан суырып алу, жерден ат бауырына түсіп серкені іліп алу, қорғаушыда қарсыласын тырп еткізбей қақпайлай білуде тәжік жігіттері қызыл тулы қандастарды әжептәуір әбігерге салды.

Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны

Ойынның алғашқы бөлігінде есеп 9 минуттан соң әрең ашылды. Салымды Тәжікстан көкпаршысы салды. Алғашқы 20 минутта есеп 2:1-ге зорға жетті. 
10 минуттық үзілістен соң ойын ширай алмады. Екі команданың да алғашқы қарқыны жоқ. Қалған 20 минутты бірдеңе қылып өткізіп беруді ғана ойлап жүргендей. Соған қарамастан Тәжікстан жігіттері есепті 6:1-ге жеткізді.

Азия чемпионаты. Осал командалардың осал емес ойыны

Мұнан соң алаңға А тобындағы Өзбекстан мен Ауғанстан көкпаршылары шығады.
Өзгелердің жаңалығы