Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан командасы гандболдан Иорданияда өтіп жатқан 18-ші Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің команда А тобында сынға түсіп, өз тобында екінші орын алған.
Топтық кезеңде қазақстандықтар Гонконг, Сингапур, Өзбекстан командаларын жеңген болатын.
Топтағы соңғы ойында Қазақстан мен Оңтүстік Корея кездесіп, қарсыластар 40:20 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан командасы жартылай финалда В тобында бірінші орын алған Жапония құрамасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық матчта Оңтүстік Корея мен Иран арасында өзара мықты анықталады.