Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы 64 келінің алтыны да Қазақстанға бұйырды.
Бұл салмақта еліміздің атынан Милана Сафронова қатысқан. Ол финалда үндістандық Лалбуатсаихидің осал тұсын тапты. Сөйтіп, Азия чемпионатындағы алтын саны бесеуге жетті.
Осының алдында Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі) топ жарған. Ал 57 келідегі Владислава Кухта финалда өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік,30 жастағы қарағандылық боксшы Милана Сафронова 2019 жылы әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінде қола жүлде еншілеген. Спорттық карьерасында алғаш рет құрлық біріншілігінде топ жарып отыр.