Азия чемпионаты. Аида Бауыржанова қола жүлде жеңіп алды

27 Мамыр 2024, 09:08
465
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Аида Бауыржанова қола жүлде жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Аида Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.

Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

Өзгелердің жаңалығы