Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов финалға шықты

8 Желтоқсан 2024 2024, 19:06
 ҰОК 8 Желтоқсан 2024 2024, 19:06
8 Желтоқсан 2024 2024, 19:06
570
Фото: ҰОК

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші боксшымыз ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда тәжірибелі жерлесіміз Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен кездесті. Өте салқынды қимылдаған Абылайхан барлық раундта сауатты түрде қорғанып, шабуылдай білді. Төрешілер шешімімен есеп - 5:0. 
71 келі салмақтағы спортшымыз финалда Хавасбек Асадуллаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов пен Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалына жолдама алған болатын.

Наверх