"Әзірет Сұлтан" жұмысын уақытша тоқтатты

16 Наурыз 2020, 14:33
1539
Бөлісу:
"Әзірет Сұлтан" жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі уақытша келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 14 наурыз 2020 жылғы №63 бұйрығына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында қолға алынды, - делінген таратылған ақпаратта.
Биылғы жылдың 16 наурызынан бастап Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Сауран қалашығы, Үкаша ата, Әлқожа ата, Гаухар ана кесенелері мен Күлтөбе қалашығы мен қорық-музейге қарасты өзге де тарихи - мәдени орындарға келушілер үшін уақытша шектеу қойылады. Зиярат орындарының нақты қашан ашылатыны қосымша хабарланатын болады.


Өзгелердің жаңалығы