Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конституциялық бақылау қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында Конституцияны іс жүзінде іске асыруға бағытталған. Бұзушылықтардың немесе өзге де келеңсіз салдардың алдын алу үшін жергілікті жерлерде заңдар әлеуетін пайдалану маңызды. Заң құқық қолдануда жазалау құралы ғана емес, ескерту құралы ретінде қызмет етуге тиіс, - деді КС басшысы.
Оның айтуынша, заңнаманың превентивті рөлі қоғамда жауапты қарауға тәрбиелеуге және азаматтардың билікке сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Әзімова атап өткендей, салааралық заңнаманы қолдану кезінде ведомстволық тәсілдер басымдығын сақтауға жол берілмейді, өйткені бұл заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең дегенді бұзуға алып келеді. Мемлекеттік құрылыстың адамға бағдарлануын сақтау қажет.
Мұндай жағдайларда азаматтың конституциялық жүгінуінің рөлі артады, бұл бір жағынан өз құқықтарын қорғаудың қосымша құралы ретінде әрекет етеді, ал екінші жағынан заңдардың конституциялық заңдылығын нығайту жолында азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі. Азаматтың конституциялық жүгіну институты қоғамның, мемлекеттік аппараттың және азаматтың конституциялық құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыруды талап етеді, - деп айтты Эльвира Әзімова Мәжілісте.
Төраға Конституция үстемдігі баршаға қадір-қасиетті, еркіндік пен әділдікті заңнамалық және практикалық қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс екенін атап көрсетті.