Әзімова уақытша тергеу изоляторынан 302 азамат босатылғанын айтты

14 Наурыз 2022, 11:50
1694
Бөлісу:
Әзімова уақытша тергеу изоляторынан 302 азамат босатылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова прокуратура өтініштерін ескере отырып, прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша уақытша ұстау изоляторы мен арнайы жайлардан 302 азамат босатылғанын айтты.

Ол 2021 жылдың соңында Парламент «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң қабылдаған айтты. Сөзінше, төтенше жағдай кезінде бұл заңның көмегі тиді.

Заңның шебірінде мониторинг жұмыстарын жүргіздік. 33 мониторинг кезінде ұсталғандардың ең көп саны және бұзушылықтар туралы хабарламалар түскен 8 қалаға ерекше назар аударылды. Олар Алматы, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Атырау, Тараз, Қызылорда және Семей. Осы арада құқық қорғаушылармен тәулік бойы байланыста болдық, – дейді Әзімова.

Айтуынша, тәуелсіз мониторинг тек ұсталғандармен кездесулерді ғана емес, олардың туыстарымен кездесулерді, прокуратура, полиция және әкімдіктер басшылығымен келіссөздерді де қамтыды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, атап айтқанда, Прокуратура құқық қорғаушыларымен ашық әріптестікке дайындығын көрсетті. Бұл елеулі прогресс. Сонымен бірге қаңтардың басында ауыз суға, тамақтануға рұқсаты бар қосымша пайдаланған мекемелердегі проблемалар және ұсталғандардың болуы үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы туралы хабарламалар тіркелді, - деді ол.

Сөзінше, бүгінгі күні осы фактілер бойынша сотқа дейінгі қудалау жалғасып жатыр. Дене жарақатын алған азаматтар уақытша ұстау изоляторында 5-9 қаңтар аралығында алғашқы медициналық көмек көрсетілмегені туралы хабарлаған.

Сонымен бірге қаңтар айындағы қамаққа алу тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін басым шешім болғанын мойындау керек. Біздің өтініштерімізді туыстары мен адвокаттардың өтініштерін ескере отырып, прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша уақытша ұстау изоляторы мен арнайы жайлардан 302 азамат босатылды. 11 азамат бойынша қамауға алудан бас тартылды. Бұрын қамауға алынған 200 азаматқа бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 29 кәмелетке толмаған баланың 28-і ата-аналарының кепілдігімен берілді, - деп атап өтті Әзімова Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы