Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Азиада: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр

29 Қыркүйек 2023, 07:16
4985
Бөлісу:

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ел құрамасы еншісінде 22 медаль (3 алтын, 3 күміс, 16 қола) бар. Медальдар кестесінде 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

Бұл жөнінен Қытай 167 медаль (90 алтын, 51 күміс, 26 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның 86 (24 алтын, 23 күміс, 39 қола), Жапонияның — 78 медалі (18 алтын, 30 күміс, 30 қола) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 90-51-26 (167)

Оңтүстік Корея - 24-23-39 (86)

Жапония - 18-30-30 (46)

Өзбекстан - 6-10-15 (31)

Үндістан - 6-8-11 (25)

Таиланд - 6-3-9 (18)

Гонконг - 5-12-15 (32)

Тайвань - 4-4-6 (14)

Таиланд - 2-0-5 (7)

Иран - 3-9-10 (10)

Қазақстан - 3-3-16 (22).

Өзгелердің жаңалығы