Азиада-2025: Шайбалы хоккейден ел құрамасы жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

 olympic.kz/Сабиров Сали 6 Ақпан 2025 2025, 22:50
6 Ақпан 2025 2025, 22:50
801
Фото: olympic.kz/Сабиров Сали

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық құрама Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты. Қазақстандық спортшылар қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына тек бір ғана шайба жіберді.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін үш ойындағы үшінші жеңіс болды. 9 ақпанда ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Наверх