Азиада-2025: астаналық спортшылар ел намысын қорғайды
Азиада-2025: астаналық спортшылар ел намысын қорғайды
2025 жылдың 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау шаңғысы курортында IX қысқы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау шаңғысы курортында IX қысқы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл беделді спорттық жарысқа рекордты көлемде 34 ел қатысады деп күтіліп отыр. Жарыс барысында 11 дисциплинадан 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасынан 137 спортшы Харбиндегі қысқы Азиадаға қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.
Астана қаласынан 5 спорт түрінен 37 спортшы (конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер мен әйелдер), керлинг) ел намысын қорғауға шықпақ. Олардың арасында Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын Астана қаласының хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев көтереді.
Айта кетейік, Харбин қаласы екінші рет осы айтулы жарысты қабылдап отыр. Бұған дейін 1996 жылы жарыс қожайыны болған. Сол сәтте Қазақстан алғаш рет бәсекеге қатысқан еді.