Қажетті дәрілер әр апта сайын жеткізілетін болды

15 Шілде 2020, 11:58
1696
Бөлісу:
Қажетті дәрілер әр апта сайын жеткізілетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

Қазіргі таңда Үкімет амбулаторлық және стационарлық деңгейде азаматтарды дәрімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты тиісті шараларды қолға алды. Бөлшек сауда секторына (жекеменшік дәріхана, жекеменшік нарығы) келер болсақ, қазір амбулаторлық жүйеде ең қажетті препараттарды жеткізу үшін Үкімет бірнеше ұшақ бортын ұйымдастырды. Біз дене қызуын түсіретін, антибактериалды, вирусқа қарсы 21 дәрі түрінің тізімін жасадық және жаппай дистрибюторлар және отандық өндірушілермен жиналыс өткіздік. Нәтижесінде шілде айының соңына дейін әр апта сайын бірнеше рейс арқылы бөлшек сауда нарығын қамтамасыз ету үшін препараттардың бір айлық қажетті көлемін әкелеміз деген келісімге келдік. Өткен сенбіде Ресейден екі борт келді, 3 миллионнан астам қорап дәрі әкелінді. Оның барлығы аймақтар мен үш ірі қала аралығында тең бөлінді. Сонымен қатар, бүгін Үндістанның Дели қаласынан тағы бір рейс келеді. Онда амбулаторлық көмекке қажетті дәрілік заттар бар. Ертең, арғы күні Ресейге және Үндістанға тиісті препараттар алдырту үшін екі борт жіберіледі, - деді ол. 

Вице-министр брифинг барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемін (ТМККК) көрсететін стационарлар мен емханаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.
Медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемін (ТМККК) көрсететін стационарлар мен емханаларға келер болсақ, бұл ауруханаларды қамтамасыз ету жұмыстарымен «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибюторы айналысады. Бұған дейін ТМККК үшін ғана емес, стационарларда пайдаланылатын антиковидтік яғни, антиретровирусты, дене қызуын түсіретін, антибактериалды терапияға қажетті препараттардың сатып алынғанын айтқан болатынбыз. Қоймаларды толтырып, ауруханаларды тиісті дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін кешелі бері бірыңғай дистрибютор бұған дейін бір жылдық мерзімге сатып алған 3 млрд-қа жуық теңге көлеміндегі медициналық препараттарды медициналық ұйымдарға таратып жатыр. Сондай-ақ, үш айлық қор жинақтау мақсатында отандық өндірушілермен қатар, шетелдік компаниялардан да дәрілік заттарды сатып алу процесі жүріп жатыр, - деді Бюрабекова.



Өзгелердің жаңалығы