ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы аналарға көмектесті

1 Мамыр 2020, 14:13
1872
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы аналарға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖ қызметкерлері "Ынтымақ күніне" арналған "Қайырымдылық сөресі" акциясын өткізді, деп хабарлады Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері өз қаражаттарынан қасиетті айда "Қайырымдылық сөресі" атты қайырымдылық шарасын өткізді. Төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған көпбалалы аналарға азық-түлікпен қажетті заттар таратылды.
Облысымызда карантин енгізілгеніне бір айға жуықтады, қиын жағдайда көп балалы отбасыларға көмек қолын созудан шет қала алмадық. Әрбір көпбалалы отбасын және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын создық, – дейді мекеме қызметкері Асхат Алханов.
Көпбалалы ана өзінің алғысын жеткізді.
Қазір карантинге байланысты жұмыссызбын. Үйде бес бала тәрбиелеп отырмын. Жүректері жылы жандарға алғысым шексіз. Бұл азық түлік жанұяма өте қажет, – деді бес баланың анасы Әлия апай.  
ҚАЖ қызметкерлері болашақта да мұндай көмек көрсетіліп тұратынын айтты.
Қамқорлыққа ризашылықтарын білдірген бүлдіршіндердің көздері жайнап, қуанып жүгіріп жүрді. Алдағы уақытта, осындай жанұяларға көбірек көмек көрсету жоспарда бар, – деп қосты Асхат Алханов.

Өзгелердің жаңалығы