Бүкіл Ауғанстанда интернет байланысы үзілді. Бұл туралы NetBlocks халықаралық интернет-мониторинг қызметі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Талибан билігі имандылықты сақтау үшін қадамдар жасап жатқандықтан, қазір Ауғанстанда интернет толығымен жабылған күйде, - делінген баяндамада.
Хабарламада атап өтілгендей, 29 қыркүйек күні таңертең бірнеше желінің біртіндеп өшуі байқалды. Қазіргі уақытта мониторинг қызметінің мәліметінше, телефон байланысында да үзілістер тіркелген.
18 қыркүйекте Ауғанстанның 34 провинциясының 11-інде кең жолақты интернет жабылды. Бұйрықты Ауғанстан басшысы Хайбатулла Ахунзада «азғындыққа» қарсы күрес аясында шығарған. Дереккөздердің айтуынша, ол тек мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктерге интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа компания құруға бұйрық берді.