Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айтты

Кеше, 20:23
274
Бөлісу:
Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айтты
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі мәлімдеді.

Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз, - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы