Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әзербайжаннан Кореяға дейін: "Silk Way Star" қатысушылары Астанада бас қосады

12 Тамыз 2025, 15:50
617
Бөлісу:
 kaztrk.kz
Фото: kaztrk.kz

2025 жылдың 15 тамызында Астанада Орталық Азия тарихындағы тұңғыш халықаралық "Silk Way Star" ән байқауының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шара аймақтағы музыкалық шоулардың жаңа форматы ретінде ұсынылады, сонымен қатар жылдың ең ірі мәдени премьерасы болмақ.

Әзербайжаннан Оңтүстік Кореяға дейінгі аумақта орналасқан 12 елдің орындаушылары бір сахнада кездеседі. Қатысушылар заманауи сахналық қойылымда өз елінің мәдениеті мен дәстүрін ән арқылы көрерменге паш етеді.

Түсірілім 20 тамызда басталады, ал ақтық сын 22 қарашада "Jibek Joly / Silk Way" телеарнасының тікелей эфирінде және қатысушы елдердің жетекші арналарында көрсетіледі.

Баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар шоу тұжырымдамасы мен форматын, қазылар алқасы және БАҚ үшін медиа мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Сондай-ақ эксклюзивті сұхбаттар, сахна артындағы түсірілімдер және арнайы жобалар туралы да біле аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы