Әзербайжандық сарапшы медианың рөлі жайлы айтты

16 Сәуір 2025, 11:57
503
Бөлісу:
Әзербайжандық сарапшы медианың рөлі жайлы айтты
Фото: BAQ.KZ

Әзербайжан Республикасы медианы дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмаилов ІІ Орталық Азия медиа форумында қазіргі заманда медианың маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Геосаяси өзгерістерді ескере отырып қазіргі заңда біз әртүрлі сын-қатерлерге тап болып жатырмыз - геосаяси қақтығастар, әлеуметтік өзгерістер, жаһандық күн тәртібінің өзектенуі. Қазіргі заманда медианың рөлі орасан. Бұл болашақты қалыптастырудың ерекше тәсілі. Азаматтарды нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді шетелдік сарапшы.

Ахмед Исмаилов медиа тек қана тәжірибе алмасып қана қоймай, елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты ілгерілетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Ол сонымен қатар елдердің медиа саласындағы ынтымақтастығы жалған ақпаратпен күреске көмек көрсететінін айтты.

Әзербайжан бүгінде Қазақстан және Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

Жаһанның дамуы кезінде нақты ақпарат тарату мәселесі ерекше назарға ие. Жаһандық кешенді мәселемен күресуде азаматтардың көзқарасын қалыптастыру, мәдени алмасу, құндылықтарды кеңейту мәселесі өте маңызды. Біз Орталық Азияның және жалпы әлемнің жарқын болашағын қамтамасыз етуде дұрыс ақпаратты медиафорумдарда алмасуымыз керек, - деді әзербайжандық сарапшы.

Ол қазақстандық медиа өкілдерін Әзербайжанда шілдеде өтетін форумға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы