Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басқа партияларға бар болғаны 55 орын қалады.
Әзербайжанда билік жүргізетін партия жаңа парламенттегі 125 орынның 70-ке жуығын иеленді.
Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы 125 сайлау округінен жиналған дауыстардың алдын ала қорытындысын шығарды. Қазіргі дауыс беру нәтижелеріне қарағанда, биліктің "Жаңа Әзербайжан" партиясы жаңа парламентте 70-ке жуық орынды алмақ.
Елдегі кезектен тыс сайлау жексенбі күні өтті. Оған сайлаушылардың 47,81% қатысты. 4823 саулау учаскелерінен жиналған хаттамалардың 87% ашылғанда, ел президенті Ильхам Алиев басқаратын "Жаңа Әзербайжан» партиясы республика парламентіндегі 125 орынның 65-ін алып отырған еді.
Ал, дүйсенбі Орталық сайлау комиссиясының 125 сайлау учаскелерінен жиналған дауыстары саналды. Бұл деректерге сүйенсек, биліктегі "Жаңа Әзербайжан" партиясының үлесі – 70-ке жуық орынды құрап отыр.