Әзербайжан мен Қазақстан өз келешегін өзі құратын елдер - Ильхам Әлиев

10 Сәуір 2023, 19:23
2076
Бөлісу:
Әзербайжан мен Қазақстан өз келешегін өзі құратын елдер - Ильхам Әлиев

Қазақстан мен Әзірбайжан толықтай өз ресурстарына арқа сүйейтін, шетелдің көмегіне тәуелді емес елдер. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан мен Әзербайжан толықтай өз ресурстарына арқа сүйейтін, шетелдің көмегіне тәуелді емес және өз тағдыры мен келешегін өзі құратын елдер екенін атап өткен жөн. Бұл қазіргі таңдағы әлемдік саясаттағы ең маңызды фактор. Менің ойымша, біздің елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғауда принципті көзқарас танытуымыз да біздің халқымыздың табиғатын көрсетеді, - деді Ильхам Әлиев.

Сонымен қатар Әлиев екі ел арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың айрықша маңызды екенін атап өтті.

Қазақстанның Әзербайжандағы, сондай-ақ Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы елдерімізді одан әрі жақындата түсіп, халықтарымыздың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді. Біздің ойымызша, мемлекетаралық қарым-қатынасымыздың негізі – осы гуманитарлық сала. Әрине, екі тараптың да мүддесіне сай салалар аз емес. Біз, шын мәнінде, өзара ынтымақтастық пен одақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп жатырмыз, - деді Әзербайжан басшысы.

Өзгелердің жаңалығы