"Азаттықтың" соңы ма: Трамп танымал радио желіні қаржыландыруды тоқтатты

Бүгiн, 07:53
569
Бөлісу:
"Азаттықтың" соңы ма: Трамп танымал радио желіні қаржыландыруды тоқтатты
Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі RFE/RL("Азаттық Еуропа Радиосы/Азаттық радиосы") желілерін қаржыландыруды толықтай тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Трамп бұған дейін бюрократиямен күрес үшін бірнеше ведомствоның жұмысы мен қызметкерлерін барынша қысқарту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Олардың арасында RFE/RL ("Азаттық Еуропа Радиосы/Азаттық радиосы") мен "Америка Дауысын" бақылайтын АҚШ жаһандық медиа бойынша (USAGM) үкіметтік ұйымы бар.

Трамптың шешіміне сәйкес, кейбір мемлекеттік ұйымдар америкалық заңнамада қарастырылған барынша аз деңгейге дейін өз функциясы мен қызметкерлерінің қызметін қысқартуға міндетті болады.

Бүгін АҚШ жаһандық медиа бойынша агенттігі RFE/RL ("Азаттық Еуропа Радиосы/Азаттық радиосының") жаһандық операцияларды қаржыландыратын федералдық гранттық келісімінің әрекетін тоқтатқындығын мәлімдеді, - делінген хабарламада.

АВС телеарнасы бұған дейін "Америка Дауысының" америкалық қызметкерлері Трамп бірнеше ведомстволардың, соның ішінде

USAGM қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған соң әкімшілік демалысқа мәжбүрлі түрде жіберу туралы хабарлама ала бастағандарын айтқан.

RFE/RL директоры және президенті Стивен Капус медианың қаржыландыруының тоқталуы себепті жабылуы "АҚШ-тың жауларына сый болады" деп отыр.

RFE/RL ("Азаттық Еуропа Радиосы/Азаттық радиосы") гранттық келісімінің тоқталуы Американың жаулары үшін үлкен сый болды. Ирандық аятоллалар, қытайлық коммунистік көшбасшылары, Мәскеу мен Минсктегі автократтар арада 75 жыл өткен соң "Азаттық Еуропа Радиосы/Азаттық радиосының" жабылуын тойлайды. Бұл қарсыластарды күштірек, Американы әлсіз етеді, - деді Капус.

Азаттық радиосы 1950 жылы құрылған. Олар сөз бостандығы шектеулі елдерде жаңалықтар тарата бастады.

2025 жылғы наурыздағы мәлімет бойынша радиода мыңдаған қызметкер жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы