Азат Перуашев партияның үндеуін жариялады

16 Наурыз 2023, 23:13
1087
Бөлісу:
Азат Перуашев партияның үндеуін жариялады
Фото: Скрин

«Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев партияның үндеуін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаш ұлттық идеясының ізбасары ретінде «Ақжол» демократиялық партиясы Парламенттік республиканы қалайды. Жеріміздің кең аумағын ескерсек, қанша дарынды болса да, бір адам сыртқы саясат, макроэкономикадан бастап жылу құбырындағы апаттарға дейін елдегі барлық мәселені қамту мүмкін емес. Ағымдағы бақылау функцияларын өкілді билік Парламент пен мәслихат атқаруы керек. Ал бақылаудың нәтижелі болуы үшін Парламенттің құзыреттерін Үкіметпен теңестіру қажет. Мұндай жүйе жоғарыдан тапсырма күтпей-ақ, өзекті мәселелерді анықтап, оларды дер кезінде шешіп, автономды режимде жұмыс істейді, - деді партия төрағасы.

Сөзінше, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жаңғырту аясында парламентаризмді дамыту басты орынға ие екенін атап көрсетті.

«Хабар» арнасында Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партияның теледебаты өткенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы