Азаптау туралы сигналдарға жедел ден қойылады

21 Тамыз 2023, 16:08
941
Бөлісу:
Азаптау туралы сигналдарға жедел ден қойылады
Фото: Бас прокуратураның сайты

Азаптауға қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру шеңберінде Бас прокуратура қызметкерлерінің елордалық полицейлермен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында қалалық полиция басқармаларының жеке құрамына қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға бағытталған құқықтық актілердің жаңартылған талаптары жеткізілді.

Мәселен, процестік мәртебесі жоқ адамдармен әңгімелесуге, сауалнама, келіссөздер жүргізуге тыйым салынды, адамдарды әкелу, жеткізу және ұстау процесін міндетті түрде камераға бекіту көзделген, заңнамада азаптау жасалған аумақтық құқық қорғау органы басшысының жауапкершілігі белгіленген және т.б.

Полиция қызметкерлері новеллаларды талқылауға белсенді қатысып, дәлелдемелерді жинау және баға беру механизмін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Азаптау туралы сигналдарға жедел ден қойылады

Қатысушылардың бірауыздан пікірі бойынша қабылданып жатқан шаралар мен оларды мүлтіксіз сақтау бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті құқық қорғау органдарының алдында азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты жою міндетін қойған болатын. Азаптау істерін тергеп-тексеру функциясы прокуратура органдарына жүктелген.

Осы тапсырмаларды орындау үшін жыл басынан бері бірқатар заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылданды.

Азаптауды тергеп-тексерудің нұсқаулығы мен әдістемесі әзірленді, құқық қорғау органдары басшыларының азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен бұйрығы бекітілді.

Азаптау туралы сигналдарға жедел ден қою үшін өңірлерде жедел топтар құрылды.

Проблемаларды кешенді шешу мақсатында жобалық тәсіл қолданылады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы