Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғарғы сот әкімшілігі Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі жөніндегі IX сарапшылық форумы аясында азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ жаңартылған Стамбұл хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес оларды оңалту тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Жоғарғы сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев модераторлық етті.
Іс-шараның мақсаты: Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігімен, Бас прокуратурамен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын Сот әкімшілігі әзірлеген ұсыныстарды талқылау (ҚР Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Жарлығымен бекітілген).
Дөңгелек үстел жұмысына Орталық Азия елдерінің жоғарғы соттарының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия елдерінің ғалымдары, сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ Адам құықтары жөніндегі ЖКБ, БҰҰ ЕҚКБ, БҰҰ ДБ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі тәрізді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Іс-шараның барлық қатысушылары азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетігін жетілдірудің маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді, бұл барынша назар аударуды және қажетті шараларды әзірлеуді талап етеді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мүдделі тараптардан түскен ұсынымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар қабылданды.