Азаматтық қорғау органдарында еңбек жолын бастаған 21 жас қызметкер ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев пен департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшылығының, «ӨС және АҚЖ» ММ-нің қатысуымен жаңадан қабылданған жас қызметкерлер азаматтық қорғау органдарының антын салтанатты түрде қабылдады. Антты азаматтық қорғау органдарында еңбек жолын бастаған 21 жас қызметкер қабылдады, олар үшін бұл күн өте ерекше күн болды, - делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.
Азаматтық қорғау органдарының шақырылған ардагерлері де жас мамандарға құрмет көрсетіп, өз тілектерін білдірді.
Ант қабылдаған қызметкерлердің әрқайсысы осы оқиғаның жауапкершілігі мен маңыздылығын түсініп, Отанымыздың игілігі мен республикамыздың мүддесі үшін адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.
Сонымен қатар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің туды көтеріп, мемлекеттік әнұранды орындай отырып, жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық байқау өткізілді.
Аталмыш іс-шара түрлі оқыс оқиға кезінде адам өмірін сақтап қалған облысымыздың батылда, батыр ер азаматтарын марапаттаумен жалғасты. П.А.Баранов, Шәзінда С.М., Маймаков С.Н., ведомстволық марапатқа ие болды. Олар-келешек өскелең ұрпаққа үлгі.