Азаматтық қорғау академиясының курсанттары Ақмола облысына көмекке барды

5 Сәуір 2024, 08:42
463
Бөлісу:
Азаматтық қорғау академиясының курсанттары Ақмола облысына көмекке барды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Азаматтық қорғау академиясының 20 курсанты су тасқынының алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Ауыл Айдабол өзенінің жайылмасы мен террасасында орналасқан. Екінші курс курсанттары екі бағыт бойынша жұмыс жүргізді. Судан келер қауіпке тосқауыл ретінде құм қапшықтарын дайындады.

Курсанттармен бірге Зеренді кентінің 14-өрт сөндіру бөлімі және Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органының жеке құрамы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы