Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Гүлбара Бекетқызы Сұлтанова МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1967 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітірген.
1992-2000 жылдары — Қостанай облысындағы орта мектептерде бастауыш сынып мұғалімі.
2000-2001 жылдары — Қостанай қ. №3 орта мектебінің мұғалімі.
2002-2006 жылдары — Қостанай облысы ішкі саясат департаментінің бөлімінде бас маман.
2006-2014 жылдары — Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы, басшысы.
2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы болып қызмет етті.
2014-2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінде басқарма басшысы.
2016-2018 жылдары — ҚР Дін істері министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы.
2018-2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.