Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның экологиялық қауымдастықтары» ЗТБ төрағасы Айгүл Соловьева «Ұлттық және өңірлік деңгейлерде БҰҰ ДБ ҒЭҚ алтыншы фазасының табысты жобалық тәсілдерін ілгерілетуде ландшафтық өңірлерді шоғырландыру» жобасы аясындағы қорытынды семинарда айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда «Жасыл экономика» саласында көптеген жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде энергия және су үнемдеу де бар.Биыл қауымдастық «БҰҰ ДБ Жаһандық экологиялық қорының шағын гранттар бағдарламасының алтыншы фазасының табысты жобалық тәсілдерін ілгерілетуде ландшафтық өңірлерді шоғырландыру» жобасын аяқтайды. Жобаның мақсаты БҰҰ ДБ ҒЭҚ 6-фазасы аясында алынған үздік пысықталған жобалық тәжірибені ілгерілету бойынша қоғамдық ықпал етудің тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыру болды, - деді Соловьева.
Азаматтық сектор тарапынан орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ықпалдың болмауы, адамдардың қандай да бір технологиялар мен практикалардың тиімділігі туралы «шешім қабылдаушылардың» түсінбеуі кедергі келтіреді. Біздің жобалық команда тұрақты технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге болатын ландшафтық аумақтардағы мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әртүрлі нысандардың бірінші басшыларына ақпаратты жеткізу арқылы ЖЭҚ-6 жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін жұмыс жүргізді, - деді ол.
Жобаның нәтижесі жұртшылық, пилоттық облыстардың басшылары тарапынан ЖЭҚ-6 жобаларының нәтижелеріне оң баға алу және елдің барлық өңірінде қабылданған өңірлерді сауықтыру жөніндегі кешенді жоспарларға қосу арқылы технологиялар мен практикалардың репликациясын жергілікті атқарушы органдар тарапынан қарау мүмкіндігі болып есептеледі.