Азаматтық форум - билік пен қоғам арасындағы сындарлы сұхбаттың алтын көпірі

26 Қараша 2020, 10:50
2027
Бөлісу:
Азаматтық форум - билік пен қоғам арасындағы сындарлы сұхбаттың алтын көпірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «IX Азаматтық форумды өткізу туралы» өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты. 

Осы күні белсенді азаматтардың қатысуымен аптаның басынан бері елорда төрінде «Қоғам және мемлекет: әріптестік пен дамудың 30 жылы» деген IX Азаматтық форум алғаш рет онлайн өтті. Оның мақсаты – ашық диалог және қоғамның ұлттық бірлігін дамыту үшін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің күш-жігерін жұмылдыру. Азаматтық форум еліміздің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Сондықтан Азаматтық форум барысында көтерілген барлық мәселе өзекті, - деді Тлепов. 

Болат Тлепов төртінші күнге жалғасқан форумның ерекшелігі туралы айтып берді. 

Форумға барша адам қатыса алады. Оның бағдарламасы таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жалғасты. Онлайн форматта қатысатын адам санына шектеу болмады. Республиканың кез келген түкіпірінен адамдар қатысып, түйіткілді мәселелерді көтерді. Сұхбат алаңына өңірлік үкіметтік емес ұымдар кеңінен қатысты, - деді ол. 

Ол форум халықтың әлеуметтік мәселесін шешудің алаңы екенін айтты. 

Ертең Азаматтық форумның жалпы отырысы өтеді. Азаматтық форум әлеуметтік секторды дамытып қана қоймай, халықтың әлеуметтік мәселесін шешудің жолы. Азаматтық форум-билік пен қоғам арасындағы сындарлы сұхбаттың алтын көпірі, - деді Тлепов.
Айта кетейік, 23 қарашада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Қоғам мен мемлекет: әріптестік пен дамудың 30 жылында «Біргеміз» атты IX Азаматтық форумның ашылуы өтті.

Өзгелердің жаңалығы