Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ жұмысының сапасын жақсарту және дамыту, сәйкесінше азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 3 104 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ жалпы санының 13,4%-ын құрайды. Жалпын саны – 22 344.
Оның ішінде «Заңды тұлғалар бірлестігі» құқықтық мәртебесіне 456 ұйым ие, қоғамдық бірлестіктер – 1338, мекемелер – 256 және қорлар – 1054.
Елорданың белсенді үкіметтік емес ұйымдарының тізіміне 1084 ҮЕҰ кіреді (2018 жылы – 243, 2019 жылы – 471).
Елорда әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қалада үкіметтік емес сектордың жұмысын шоғырландыруға бағытталған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылды және жұмыс істейді. Бүгінде Орталық мынадай қызметтер көрсетеді:
- ҮЕҰ қажеттіліктерін анықтау және оларға сәйкес оқыту;
- Нұр-Сұлтанда үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Заңтану, қаржы, жобалау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
- Ақпараттық-сараптамалық қызметтер (материалдармен, әдістемелік құралдармен, заңнама саласындағы жаңалықтармен, өзгерістермен қамтамасыз ету);
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды, халықаралық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін мониторингілеу және бағалау;
- Оқыту іс-шараларын өткізу;
- Тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер үшін орындар ұсыну.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі туралы толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады:.