Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан "Отандастар. Болашаққа бағдар" атты халықаралық жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді.
Қазіргі кезде қандастар 46 құжат жинайды. Біз бұл құжат санын 20-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, бұл құжаттарды жинау үшін отандастарымыз бірнеше ведмоствоны аралайды. Біз бұдан былай бұл құжаттардың барлығын бір жерден - Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алатын болады - деді министр.
Министр өз сөзінде әлемнің 43 елінде 5-6 миллион қазақ тұратынын атап өтті. Бұл – қазақ этносының үштен бір бөлігі.
Біз шетелдегі қандастарымызды қолдаудың жаңа тетігін кешенді түрде пысықтап жатырмыз. Ол – халықаралық тәжірибеге негізделген механизм. Екіншіден, министрлік этникалық қазақтардың елімізге көшу рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған жүйелі шаралар әзірлеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Біз адамдардың «қандас» мәртебесін алуға өтішін беруінен бастап қазақстандық паспорт бергенге дейін барлық процестерді талдадық, - дейді министр.
Дәурен Абаевтың сөзінше алғашқы өтінішті Қазақстанға келмей-ақ біздің шетелдегі елшіліктеріміздің консулдығына беруге болады.
Қандастарға уақыт және қаражат жағынан тиімді болу үшін осы мәселені ескердік. Оған қоса құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қызмет көрсету мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқартылады. Осы жұмыстың барлығын орындау үшін Жол картасын әзірледік. Соған сай, барлық мемлекеттік орган қажетті құқықтық және ұйымдастыру шараларын қабылдауы тиіс. Бұл бірыңғай терезе 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында толық күшіне енеді, - деді ол.
Оқи отырыңыз: