Чат-бот азаматтарға қысқа уақытта қажетті құқықтық кеңесін алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ол сынақтан өткізіліп, қосымша жетілдіруден өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарапайым тілмен айтқанда, әр азаматтың телефонында виртуалды жеке заңгер - кеңесшісі қызмет ететін болады. Әділет министрлігінің жетекшілігімен құқықтық түсіндіру және заң шығару саласында жасанды интеллектті дамыту бойынша келісімдер жасалды.
Бұл жобаны бюджет қаражатынсыз жүзеге асыру үшін IT-компаниялар мен жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды.
Одан бөлек ZanBar және iPrav қосымшаларында адвокаттар мен заңгерлердің рейтингі жұмыс істейді. Онда объективтілікті арттыру мақсатында E-ZanKomegi-не интеграциялау жоспарлануда.
Сонымен қатар Әділет министрлігінің жүйелерінде (Adilet.zan, E-ZanKomegi, АИС ОИП) қолдану үшін ЖИ-ті бірлесіп оқыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Ғылым комитетімен бірлесіп, заң шығару саласындағы ғылыми гранттардың жеңімпаздарымен ынтымақтастық жасалуда. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілердің заң техникасын тексеруге арналған ЖИ әзірленді. Жобаны жүзеге асыру осы жылдың жазына жоспарланған.