Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділ Кожихов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекеттік корпорацияның ұжымына жаңа басшыны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таныстырды.
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
2001-2003 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы.
2003-2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.
2005-2011 жж. – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, ақпараттық-талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011-2012 жж. – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары.
2013-2014 жж. –ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
2014-2016 жж. – «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.
2016-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.
2018-2019 жж. – «Nur Otan» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі – Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының директоры.
2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.