Азаматтарға арналған үкіметтің төрайымы қызметінен кетті

6 Қаңтар 2021, 03:21
1799
Бөлісу:
Азаматтарға арналған үкіметтің төрайымы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook желісінде хабарлады.

Достар! Бүгін мен Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен өз еркіммен кеттім. Ақ пейіл көңілі мен жемісті жұмысы үшін ұжымыма зор алғыс білдіремін. Менің де алдымда үлкен мақсаттар бар, соларды орындауға тырысып, әлі де жақсы хабарлармен бөлісетін боламын. Отбасыларыңыз аман болсын, әрқайсыларыңызға бақ-береке, табыс тілеймін, ауру-сырқаудан аман болыңыздар! - деп жазды ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы қызметіне Әсемгүл Балташева 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсетудің барлық орталығын бірыңғай жүйеге интеграциялайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласына, ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларға  және зейнетақы мен жәрдемақы үшін де жауап береді.



Өзгелердің жаңалығы