«Азаматтарға арналған үкімет» Антикордың мәлімдемесіне жауап берді

9 Желтоқсан 2022, 12:29
818
Бөлісу:
«Азаматтарға арналған үкімет» Антикордың мәлімдемесіне жауап берді

Мемлекеттік корпорация автокөлікті тіркеу туралы шешім қабылдамайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен бірнеше тұлғаның шетелден әкелінген көліктерді заңға қайшы негізде ресімдеумен айналысқаны туралы ақпарат жарияланды.

Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласы бойынша филиалының директоры Мәди Садановтың айтуынша, мемлекеттік корпорация көліктерді тіркеу барысында тек құжаттарды қабылдаушы ғана болып қызмет атқарады.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды. Одан кейін электрондық өтініштерді қарау Полиция департаментінің процессингтік орталығының құзыретіне өтеді. Аталған орталықтың уәкілетті мамандары көліктің иесі мен көлік құралының заңдастырылған құжаттарының іздестірілуде (шектеулер, ауыртпалықтар) бар-жоғын, электронды өтініш пен сканерленген құжаттарды салыстыру арқылы олардың дұрыстығын тексереді. Берілген өтінішті мақұлдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын «WEB-модуль» сервистік орталығы да Полиция департаментіне тиесілі, - деді ол.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың толық пакетін қабылдауға ғана жауапты және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша құқықтық талдау жүргізбейді.

Осылайша, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көлiк құралдарының кейбiр түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес көлік иелерін тұлғалық сәйкестендіру арқылы құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады. Ал мемлекеттік орган қызметкерлері өтініштерді қабылдауға және олардың заңдылығын тексеруге жауапты, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы