Азаматтардың меншік құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда қаласының прокуратурасы 34 азаматтың меншік құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару кезінде заңдық талаптары сақталуы тиіс, атап айтқанда үшінші тұлғалардың даулауы немесе олардың мүддесінің бар екенін растайтын заңды фактілерінің болуы қажет("Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңның 64-бабы 5-тармағы).
Дегенмен, уәкілетті органдар жылжымайтын мүліктерге шектеулер қойып (мүлікке иелік ету, пайдалану және билік етуге тыйым салу), азаматтардың жеке меншігіне билік ету құқықтарын заңсыз шектеген, - делінген хабарламада.
Қадағалау актісінің қаралуы нәтижесінде азаматтардың мүліктеріне негізсіз қойылған шектеулер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.