Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтардың өмірі мен бостандығынан қымбат ештеңе жоқ. Мұндай пікірді Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнура Мырзамадиева білдірді.
Құрметті отандастар, әріптестер және университет студенттері! Соңғы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік жұртшылықты біздің мемлекетіміздің бостандығы мен тұрақтылығына террористік шабуылдарының бұрын-соңды болмаған ауқымымен дүр сілкіндірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі саясатын толық қолдаймыз. Өйткені азаматтардың өмірі мен бостандығынан қымбат ештеңе жоқ, - деді маман.
Ол атап өткендей, бүгінде Қазақстан халқы мемлекеттің тұтастығы үшін бірлік пен ынтымақтастықты қажет етеді.
Ел халқы тәуелсіздік жылдарында ғана емес, сондай-ақ өткеннің бай тарихы үшін де түрлі кезеңді бастан өткерді. Болашақта да ортақ күш-жігеріміздің арқасында біз қазіргі заман шындығының барлық сын-қатерлерін еңсереміз деп үміттенемін, - деп айтты Майнура Мырзамадиева отандастарына.