Прокурорлар квазимемлекеттік органдардың қызметінде азаматтардың жолданымдарын тіркемеудің 15 мыңнан астам фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті электр энергия, жылу және сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, сондай-ақ «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ-да Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақалуына және 1-ТӨ нысанды статистикалық есептің дұрыстығына тексеру жүргізді.
Тексерулер барысында жолданымдарды тіркемеудің 15 мыңнан астам фактісі, сондай-ақ 500-ге жуық жолданымдардың түрін бұрмалау, 112 - тыңдау рәсімін өткізбеу, 78 - жолданымдарды негізсіз ұзарту, 50 -өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, оларды мерзімінен асырып қайта жолдаудың 40 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 22 ұсыну енгізді, 25 әкімшілік және 12 тәртіптік іс қозғады.
Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 136 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 25-сі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Анықталған бұзушылықтар арыз иелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай шектейді, сондай-ақ ұйымдарға азаматтардың жолданымдарына жауап бермеуге және қарау мерзімдерін бұзуға мүмкіндік береді, осы жағдай азаматтар мен заңды тұлғалардың негізделген шағымдануына әкеп соғады.
Осыған байланысты, Комитет өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға берілген жолданымдарын есепке алу және тіркеу сатысында олардың құқықтарын қорғау жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдайды.
Прокуратура органдарына жолданымдар келесі тәсілдермен жолдануға жататынын еске саламыз:
- қолма-қол;
- пошта байланысы;
- «e-otinish» ақпараттық жүйесі тәсілдері арқылы беріледі.
Осыған байланысты жолданымыңызды тіркеу және қарау үшін оны жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы жолдау қажет.