Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек – Тоқаев

6 Қыркүйек 2019, 12:05
2941
Бөлісу:
Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек – Тоқаев
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан "Ұлттық кеңестің" алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың масылдық пиғылына қатысты өз пікірін білдірді. 

IMG_5308-06-09-19-11-54.JPEG

"Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс. Ең бастысы тыңдауы керек. Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарауымыз керек. Ұлттық экономика – біздің қазақстандықтардың әл-ауқатына негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда, мемлекет табысын бөлуде әділдікті күшейтуге тиіспіз. Бірақ, масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Біз бүкіл қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Бірақ масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

IMG_5319-06-09-19-11-54.JPEG

Айта кетейік, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ҚР президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты - жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

IMG_5306-06-09-19-11-54.JPEG

Бұған дейін елордада өтіп жатқан "Ұлттық кеңестің" алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кездері қоғамды дүр сілкіндірген "Қытайдың 55 компаниясы көшіп келеді" дегенге қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы