Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Азаматтардан хабарламалар қабылдау және оларға жедел ден қою үшін полиция департаменттері мен call-орталықтарының жедел басқару орталығы қызметкерлерінің саны артты. Азаматтар тәртіпсіздіктердің бейнежазбаларын, фотосуреттерін және аудиожазбаларын анонимді орналастыруы үшін «102» мобильдік қосымшасында оларды қабылдау бойынша функционал әзірленді, - деді Нұрділдә Ораз.
Ол атағандай, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті жанындағы сенім телефондарының жұмысы іске қосылды, оларға азаматтар қызметкерлердің заңсыз әрекеттері бойынша шағымдана алады.
Ұсталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, оларды УҰИ-ға шығарғанға дейін міндетті түрде дене жарақаттарының болмауына медициналық тексеру жүргізіледі. Құқық қорғау ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылды. Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері ҚАЖ мекемелеріне кедергісіз барады. Өткен аптада қоғамдық комиссия және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл еліміздің 11 өңірінде тергеу-қамауға алынғандарды ұстау жағдайларын тексерді, - деді ол.