Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
Мал ұрлығын анықтаудың өз қиындықтары бар. Оның бірнеше факторы бар. Мысалы, тұрғындар мал ұрлығы туралы бірден хабар бермейді. Статистика бойынша азаматтар малдары ұрланғаны туралы 10 күннен кейін, ай, 3 ай,1 жыл өткен соң да айтып жатады. Олар өздігінен іздеп, ең соңында ғана полицияға хабарласады, - деді Шалқаров.
Ол атағандай, бұл жұмысты қиындата түседі.
Себебі көп уақыт өткен соң ол малды қолды қылғандар басқа біреулерге сатып жібереді. Сол себепті олардың «ізін суытпай» табу мүмкін емес. Сондай-ақ көп мал ұрлығы ауылдық, шалғай жерлерде орындалады. Іске кіріскенде ешқандай із, куәгерлер болмайды. Осы сынды факторлар қылмысты жедел әшкерелеуге әсер етеді, - деді Серік Шалқаров.