Қазақстанның бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

<h4>Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады.</h4>

 25 Ақпан 2019 2019, 18:34
25 Ақпан 2019 2019, 18:34
2588

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады.

"26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Қызылорда облысы аумағында 2019 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қар еру мен ағын сулардың қалыптасуы және мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалуы күтіледі.


Наверх