Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы жарлыққа өзгерістер енгізді.
Құжаттың толық мәтіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми парақшасында жарияланған.
Жаңа қаулыға енгізілген өзгерістер бойынша облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Заңбұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдайды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етеді.