Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"29 тамызда күндіз Атырау облысының батысында күн күркірейді, облыстың шығысында +36 қатты ыстық болады. Күндіз кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады", - делінген дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы – 80-85%.
"29 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында күн күркірейді, дауыл тұрады. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан кей жерде 15-20 м/с жел тұрады. Оралда күндіз күн күркірейді, шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел соғады", - деді баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
"29-30 тамызда Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 29-30 тамызда күндіз кей жерінде күші 15-20 м/с жел күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады", - деді сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы – 70-75%.
"29 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан кей жерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады", - деп ескертті метеорологтар.
Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.