Қазақстандықтар салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзете алады

14 Қыркүйек 2020, 15:53
2163
Бөлісу:
Қазақстандықтар салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзете алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін «Салық әмияны» қызметінің «Салық салу объектілері» бөлімінде түзетуге мүмкіндік бар, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті. 

Мұнда сіз өзіңіздің атыңызда тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) туралы мәліметтерді көре аласыз.

Салық салу объектілері бойынша қате мәліметтермен проблемаларды шешу үшін деректерді түзету қызметі енгізілген:

-2020 жылдың 7 қыркүйегінде көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды.

-2020 жылдың 11 қыркүйегінде мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды.
Енді сіз электрондық өтінімдерді «Салық әмияны» арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАО) нысандар туралы ақпаратты жаңарту үшін бере аласыз. Жер салығы бойынша салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметі 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алыңыз, «Салық әмиянын» толтырыңыз да салықты оңай төлеңіз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы