Қазақстандықтар дәрі бағасын бақылай алады

27 Наурыз 2020, 10:56
2293
Бөлісу:
Қазақстандықтар дәрі бағасын бақылай алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев дәрі бағасын реттеп отыру үшін мобильдік қосымшаны іске қосқандарын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл қосымша арқылы ел азаматтары дәрі-дәрмектің негізгі бағасы қанша болу керектігін бақылай алады және бағаны тым асырып жіберген жағдайда бағаны бақылау ұйымдарына жүгіне алады.

Қазір көптеген адамдар доллар көтеріліп жатыр енді тамақ, дәрі-дәрмек қымбаттайды деген оймен жүр.  Біз сондайды болдыртпау үшін Darikz мобильдік қосымшасын іске қостық. Егер адамдар оны телефонына жүктеп алса кез-келген дәріханадағы дәрінің негізгі бағасын анықтай алады. Ол үшін алғалы турған дәрінің қорабын телефонымен фотоға түсірсе болды, ол оның нақты бағасы қанша болу керектігін көрсетеді. Яғни қандай бағадан аспау керектігін анықтай алады. Егер ол дәрі 2600 теңге тұратын болса, бірақ дәріхана оны 2700 теңгеге сатып отырса оның жұмысын біздің комитет шектейді,-дейді ол. 

Вице-министр бұл дәрі бағасын тым көтеріп сататындармен күресудің тиімді жолы екенін айтады. Бағаны көтергенін байқаған сатып алушы ешқайда арыз жазып бармайды, тек қосымшадағы бір тетікті басса болғаны, арнайы тексеру органдары есепке алады.

Бұл өте қолайлы қосымша, оның үстіне азаматтар да дәрі бағасын біліп жүреді. Егер бағаны көтергенін білсе сатып алушы қосымшадағы бір тетікті басу арқылы бізге белгі береді. Сол бойынша біз дәріхананын тексереміз,-деді Олжас Әбішев.

Өзгелердің жаңалығы