Қазақстандықтар басқа елдерде демалғанды жөн көреді

3 Қараша 2019, 16:54
1731
Бөлісу:
Қазақстандықтар басқа елдерде демалғанды жөн көреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстанда туристік фирмаларда жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша 2019 жылдың II тоқсанындағы экономикалық жағдай 2018 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда төмендеді. Қызметтерге сұранысты бағалаудағы өзгерістер сальдосы 10 пайыздық тармаққа төмендеп, 4%-ды құрады. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz ұсынды.

2019 жылдың ІІ тоқсанында туристер негізінен дамыған туристік инфрақұрылым, қызмет көрсетудің жоғары сапасы, жолдамалардың тиімді құны және арнайы орналастыру құралдарын кеңінен таңдау себебінен әлемнің басқа елдеріне баруды жөн көрді (респонденттердің 73% -ы).

III тоқсанда нарық қатысушылары туристік қызметтерге сұраныстың артуын күтеді. Туризмді дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы салаға ұзақ мерзімді оптимизмді қосты. Құжат 31 мамырда жарияланды. Онда саланы дамыту моделі және бағдарламаны, оның ішінде аймақтық тұрғыда іске асыру тетіктері толық көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы