Қазақстандықтар арасында екі бөлмелі пәтер сұранысқа ие

17 Қаңтар 2019, 13:10
1752
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар екі бөлмелі пәтерді көптеп сатып алады. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. 

«Сұраныс бойынша талдау жүргіздік. Елімізде екі бөлмелі пәтерге сұраныс жоғары екенін көрдік. Қолданысқа берілген баспананың 60% астамы 2 бөлмелі пәтерлер. Бұл бізді қуантады. Жас отбасылар бір бөлмеде тұруды ғана емес, балалары болғанын, қазақстандықтар көп болғанын қалайды. Осылайша «Нұрлы жер» бағдаралаының мүмкіндіктерін пайдаланды», - деді Ибрагимова.

Ол банктің 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 14 мың пәтерді қолданысқа беруді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ банк арқылы 1000 жуық жеке үй салынады деп күтілуде.

Бұған дейін ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2018 жылы қанша адам баспаналы болғанын айтып берді.   
Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы